Accessibility links

Дональд Трамп пен Си Цзиньпиннің келіссөзі екінші күнге ауды


АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп тұр. Флорида, 6 сәуір 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай президенті Си Цзиньпинмен кездесіп тұр. Флорида, 6 сәуір 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай президенті Си Цзиньпин бүгін Флоридада екінші күн келіссөз өткізіп жатыр. Си Цзиньпин Трамптың Флорида штатындағы Мар-а-Лаго резиденциясына кеше екі күндік сапармен барған. Трамп АҚШ президенті ретінде Цзиньпинмен бірінші рет кездесіп отыр.

Алғашқы күнгі келіссөз Вашингтон Сирияға Башар Асад күштерінің химиялық шабуылына жауап ретінде Сириядағы аэродромға зымыранмен соққы жасайтынының алдында ғана аяқталған.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қоюға құқығы бар тұрақты мүшесі Қытай Сирия дағдарысы "саяси жолмен шешілуі тиіс" деуден танбай келеді.

Трамп пен Цзиьпин Корей түбегіндегі жағдай, АҚШ-Қытай сауда қатынастары және Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық дау сияқты бірқатар мәселелерді талқылайды деп күтіліп отыр. Трамп сайлауалды кампаниясында Қытайды "әділ сауда-саттық жүргізбей отыр" деп айыптап, қытай тауарларына салынатын салықты көтеретінін мәлімдеген.

Ол сонымен қатар Пекинді "валюталық қитұрқылық жасап отыр" деп те айыптаған.

Қытайдың мемлекеттік Xinhua агенттігі 7 сәуірде Трамп Цзиньпиннің Қытайға сапарлап келуге шақырған ұсынысын қабыл алғанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG