Accessibility links

Сирияның Хан-Шейхун қаласына тағы да әуе шабуылы жасалған


Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық заттан зардап шеккен бала. 4 сәуір 2017 жыл.
Сирияның Хан-Шейхун қаласында химиялық заттан зардап шеккен бала. 4 сәуір 2017 жыл.

Сирияның Идлиб провинциясындағы көтерілісшілер бақылауындағы Хан-Шейхун қаласына сәуірдің 7-і күні тағы да әуе шабуылы жасалған. Бұдан үш күн бұрын дәл осы қалада химиялық қару қолданылғаны туралы ақпарат тараған болатын. Оның салдарынан 90-ға тарта адам қаза тапқан.

Хан-Шейхун қаласының тағы да әуе шабуылына ұшырағаны туралы Сириядағы әскери іс-қимылдарға мониторинг жүргізумен айналысатын сириялық құқық қорғаушылар хабарлаған. Олардың мәліметі бойынша, әуе соққысын не Сирия армиясының ұшағы, немесе ресейлік ұшақ жасаған. Шабуыл қаланың солтүстік бөлігіне зардап әкелген. Құрбан болғандар туралы дерек жоқ.

Бүгін таңертең АҚШ күштері Хомс қаласы маңындағы Сирия үкіметінің "Шайрат" әскери әуе базасына 59 "Томогавк" қанатты зымыран атқан. Жергілікті билік шабуыл салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын мерт болып, бірнешеуі жараланған деген ақпарат таратты. Құқық қорғаушылардың мәліметінде зымыран соққысынан сириялық төрт әскеридің қаза тапқаны айтылған.

Хомс провинциясының губернаторы Таталь Баразидің сөзінше, бұл база Сириядағы ежелгі Пальмира қаласынан шығысқа қарай жерде бекінген "Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырларына қарсы операцияға қолдау таныту үшін пайдаланылған.

АҚШ-тың одақтастары мен Сирия оппозициясының бір бөлігі Башар Асад режиміне қарсы америкалықтардың соққы беруін құптаған.

XS
SM
MD
LG