Accessibility links

Стокгольмде жүк көлігі бірнеше адамды басып өлтірді


Жүк көлігі адамдарды басқан маң. Стокгольм, 7 сәуір 2017 жыл.
Жүк көлігі адамдарды басқан маң. Стокгольм, 7 сәуір 2017 жыл.

Швеция астанасы Стокгольмнің орталығында жүк көлігі жаяу жүргіншілерді басып кетті.

Жергілікті полиция кемі екі адамның қаза тапқанын хабарлады. Билік дерегінше, оқиғаға күдікті адам ұсталған.

Оқиға жаяулар көп жүретін Дроттнинггатан көшесінде болған. Полиция ол маңды қоршап алған. Ақпарат құралдары "жүк көлігі сауда орталықтарының бірін соққан болуы мүмкін" деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG