Ресейде 85 жасында совет ғарышкері Георгий Гречко қайтыс болды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.
1931 жылы мамырдың 25-і күні Ленинград қаласында (қазіргі Санкт-Петербург) дүниеге келген Георгий Гречко 1955 жылы сол қаладағы әскери-механика институтын тәмамдаған.
СССР дәуірінде Гречко ғарышқа үш мәрте - 1975, 1977 және 1985 жылдары ұшқан. 1986 жылдан бастап ол Ресей ғылым академиясының биосфера физикасы институтында зерттеуші ғарышкер, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. Техника ғылымдары кандидаты және физика-математика ғылымдары докторы атанған.
1977 жылдан 1990 жылға дейін Георгий Гречко Ресей телеарнасында «Бұл ғажайып әлем» бағдарламасын жүргізген.