Accessibility links

Мәскеуде теракт құрбандарын еске алу шарасында алты адам ұсталған


Мәскеу қаласының көрінісі.
Мәскеу қаласының көрінісі.

Бүгін Ресей астанасында сәуірдің 3-сі күні Санкт-Петербург қаласындағы метрода жасалған террорлық шабуыл құрбандарын еске алу акциясы кезінде алты адамды полиция ұстаған. «ОВД-Инфо» сайтының хабарлауынша, Горький саябағындағы шараға қатысушы бес белсенді мен акцияны түсіріп жүрген журналист Денис Стяжкинді ұстап, полиция бөліміне алып кеткен.

Сенбі күні террорға қарсы билік ұйымдастырған қоғамдық шаралар Ресейдің Сібір аймағы мен Волга өзені бойындағы барлық ірі қалаларында өткен деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Красноярск қаласында өткен акцияға қатысушыларға Санкт-Петербург метросындағы сәуірдің 3-і күні 14 адамның өмірін қиған теракт туралы ақпарат жазылған үнпарақтар таратқан.

Жастар, ардагерлер мен өзге де қоғамдық ұйымдардың атынан өткізілген акциялардың әрбіріне, ұйымдастырушылардың сөзінше, кемінде бірнеше мың адам жиналған.

Бұған дейін Ресей президентінің әкімшілігі сәуірдің 8-і күні бүкіл ел көлемінде, «әсіресе наурыздың 26-сы күні коррупцияға қарсы наразылық акциялары өткен қалаларда» террорға қарсы шерулер өткізу туралы тапсырма бергені хабарланған.

XS
SM
MD
LG