Accessibility links

Египетте терактілерден соң қауіпсіздікті сақтауға әскер жұмылдырылады


Абдел Фаттах әл-Сиси, Египет президенті.
Абдел Фаттах әл-Сиси, Египет президенті.

Египет президенті Абдел Фаттах әл-Сиси екі копт шіркеуінде болған жарылыстардан соң ел аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосымша әскер жұмылдыруға бұйрық берді. Президент аппаратының мәлімдемесінде сарбаздардың "полицияның провинциялардағы өмірлік маңызы бар барлық нысандарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуіне септесетіні" айтылған. Мұның алдында президент елде үш ай мерзімге төтенше жағдай жарияланатынын мәлімдеген.

9 сәуір, жексенбі күні Египетте копт христиандарының екі шіркеуінде жарылыс болып, кем дегенде 43 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды. Жарылыстар православ христиандары Иса пайғамбардың Иерусалимге кiргенін атап өтетін күні болды. Бомбаның бірі Александрия қаласындағы шіркеуінде, патриарх Феодор Екінші құлшылық жүргізіп тұрғанда жарылды. Жаралыстан патриарх зардап шеккен жоқ. Екінші жарылыс Тант қаласындағы шіркеуде болды.

Египетте діни азшылыққа жататын копт христиандарының саны шамамен 6 миллион адам.

XS
SM
MD
LG