Accessibility links

Комиссия: Польша президенті ұшағының апатына жарылыс себеп болған


Смоленск түбінде Польша президенті ұшағының апатқа ұшырағанына жеті жыл толуына байланысты қаралы еске алу шарасы. Варшава, 10 сәуір 2017 жыл.
Смоленск түбінде Польша президенті ұшағының апатқа ұшырағанына жеті жыл толуына байланысты қаралы еске алу шарасы. Варшава, 10 сәуір 2017 жыл.

Польшаның үкіметтік комиссиясы 2010 жылы сәуірде Ресейдің Смоленск қаласының түбінде апатқа ұшыраған президент ұшағы құламас бұрын әуеде-ақ бөлшектеніп кеткен деген тұжырым жасады. Үкімет тағайындаған комиссияның алдын ала қорытындысы 10 сәуір - ұшақ апатына жеті жыл толғанда жарияланды. Апаттан Ту-154 ұшағында болған 96 адам, оның ішінде Польша президенті Лех Качинский де қаза тапқан.

Құрамында Качинскийдің жұбайы, Польшаның әскери қолбасшылығының мүшелері, Орталық банк төрағасы бар делегация Ресейге Катынь елді мекенінде соевет билігінің нұсқауымен атылған поляк офицерлерін еске алу шарасына ұшып бара жатқан болатын. Польшаның бұған дейінгі центристік үкіметі ұшағы ұшқыш қателік жасап қалың тұманда жерге қонарда апатқа ұшырады деп тұжырған.

XS
SM
MD
LG