Accessibility links

Петропавлды бірнеше үйдің ауласын су басты


Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Солтүстік Қазақстанда күн күрт жылына бастағандықтан Петропавл қаласының шеткі аудандарында кейбір үйлерді еріген қар суы басып жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Ойқала ықшамауданындағы Перминовых 93 көшесінде бірнеше үйдің ауласына су кірген. Осы көшенің тұрғыны Мағрипа Қабаева үйіне су 9 сәуірде кіргенін айтады. Оның сөзінше, бітеліп қалған суағарлар дұрыс тазартылмағандықтан жертөлесін су басқан. Қабаева тұрғылықты жерлерінің ойпаң жерде орналасқанына байланысты жиналған барлық су үйлеріне ағатынын айтады.

Еріген қар суы жер үйлерден бөлек , көпқабатты үйлердің аулаларын да басып жатыр. Әсіресе, Амангельді көшесіндегі 196 үйдің тұрғындары зардап шегіп жатқанын айтады. Бұл үй басқа үйлерге қарағанда төмен орналасқандықтан, еріген қар суы аулаға жиналады. Пәтер иелері кооперативі төрағасы Светлана Чепикованың сөзіне қарағанда, көшеде су ағып кететін суағарлар жоқ, адам жүретін тротуарлардың өзін су. Қазір үйдің ауласын су басқан, деңгейі 10-15 сантиметрден асады. Ол суды ағызатын кәріз болмаса, үйді жыл сайын су басатынын айтады.

Петропавлда Жұмысшы, Заречный кенттері мен Ойқала және Былғары зауыты сияқты шеткі аудандардың тұрғындары жылда қызыл судан шапа шегеді. "Тазарту, су тарту және су өткізу" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Павел Булаевтың айтуынша, халықтан аулаларындағы суды сору туралы жүздеген өтініш түскен. Сол себепті коммуналшылар екі ауысымдық жұмыс кестесіне көшкен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG