Accessibility links

Қарағандыда терроризм күдігімен алты адамды іздеп жатыр


Полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Полиция қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Қарағанды облысында полиция алты ер адамды террористік топтың қатарына адам тартты деген күдікпен іздеп жатыр. Облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) өткен аптада жастары 23-33 аралығындағы алты адамның аты-жөні мен суреттерін таратты. Олардың арасында осы топтың ықтимал басшылары ретінде 24 жастағы Дәулетхан Әміржанов пен 23 жастағы Дмитрий Коструб көрсетілген.

Полиция ақпаратына қарағанда, іздеудегілердің барлығы белгілі бір уақыт Теміртау қаласының территориясында тұрған.

Tengrinews.kz сайты жариялаған облыстық департаменттің хабарламасы бойынша, полиция "террористік топты құрып, басшылық жасау", "алдап, арбау" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір полиция олардың қайда екенін анықтап жатыр. ІІД істің Теміртау қалалық полиция бөлімінің қарауында екенін айтып, оның мән-жайын толық айтпаған.

XS
SM
MD
LG