Accessibility links

Беларусьте 20 адам "заңсыз қарулы құрылым құрды" деп айыпталды


Минскінің орталығында наразылық кезіндегі полицияның арнайы жасағы. Беларусь, 25 наурыз 2017 жыл.
Минскінің орталығында наразылық кезіндегі полицияның арнайы жасағы. Беларусь, 25 наурыз 2017 жыл.

Беларусьте 20 адамға "заңсыз қарулы құрылым құрмақ болды" деген айып тағылды деп хабарлады осы елдің мемлекеттік БАҚ-тары. Ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, 20 күдікті Беларусьте ресми түрде жұмыссыз деп тіркелмеген азаматтарға салық салу туралы заңға қарсы наразылық акциялары аясында ұсталған 35 адамның қатарында бар.

Беларусь милициясы өткен айда оппозициялық "Молодой фронт" қозғалысының мүшелерімен бірге "Белый легион" және "Патриот" деп аталатын белсенділер тобының мүшесі деген күдікпен ондаған адамды ұстаған. Мұның алдында Беларусь президенті Александр Лукашенко "ел аумағында қарулы арандату әрекеттерін жасауды жоспарлады" деген күдікті "қарулы содырлардың" ұсталғанын мәлімдеген. Лукашенко бұл туралы Беларусьте ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелмеген азаматтарға салық салуға қарсы жаппай наразылық акциялары өтіп жатқанда айтқан еді.

XS
SM
MD
LG