Accessibility links

AI Нұрбек Құшақбаевты дереу босатуға шақырды


Нұрбек Құшақбаев сот залында тұр. Астана, 7 сәуір 2017 жыл.
Нұрбек Құшақбаев сот залында тұр. Астана, 7 сәуір 2017 жыл.

Amnesty International (AI) халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін кәсіподақ белсендісі Нұрбек Құшақбаевты "дереу және сөзсіз" босатуға және Қазақстандағы тәуелсіз кәсіподақтарға "соқтығуын" тоқтатуға шақырды.

Астана соты 7 сәуірде Құшақбаевты "жұмысшыларды заңсыз ереуілге шығуға арандатты" деп айыптап, екі жарым жылға соттаған. Бірақ Құшақбаев айыбын мойындамаған. AI мәлімдемесінде Құшақбаевтың ісі "Қазақстандағы тәуелсіз кәсіподақ қозғалыстарының көзін жоюға әкеліп соқтыратын оқиғалар тізбегінің бір бөлімі ғана" екені айтылады. AI оған тағылған айыпты "ойдан құрастырылған" деп атайды.

Құшақбаев - Маңғыстаудағы Oil Construction Company компаниясының кәсіподағы жетекшілерінің бірі. Ол қаңтар айында жүздеген жұмысшы Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясын жабуға қарсы екі апта ереуілге шығып, аштық жариялаған соң ұсталған. Ереуіл сот оны заңсыз деп таныған соң күшпен тоқтатылған.

XS
SM
MD
LG