Accessibility links

Путин экстремистерге қосылғандардың азаматтықтан айырылатынына уәде берді


Владимир Путин, Ресей президенті
Владимир Путин, Ресей президенті

Ресей президенті Владимир Путин билік экстремистік ұйымдар қатарына кіргендерді Ресей азаматтығынан айыру мүмкіндіктерін табатынын мәлімдеді.

Путин "Мир-24" телеарнасына сұхбатында Ресей конституциясында Ресей азаматтығынан айыру қарастырылмағанын, бірақ азаматтық алуға негіз болатын шешім жойылуы мүмкін екенін айтты.

Бұған дейін Санкт-Петербург метросында теракт жасады деген күдікті Акбаржон Джалиловтің Қырғызстанда туып, 2011 жылы әкесінің ұзақ уақыт Санкт-Петербургте тұрғанының арқасында Ресей азаматтығын алғаны белгілі болған. Джалиловке азаматтық беруді көпшілік миграциялық қызметтің қателігі болды деген.

Терактіні тергеу аясында экстремистік топтың мүшелері деген күдікпен сегіз адам ұсталды. Олардың барлығы - Орталық Азия елдерінен шыққандар.

Бұған дейін Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы Александр бортников Ресейдегі террористік топтардың денін "ТМД-дан келген мигранттар құрайтынын" мәлімдеген.

Қазақстан конституциясына биыл терроризм айыбымен сотталғандарды азаматтықтан айыруға мүмкіндік беретін ереже енгізілген. Қазақстан әділет министрлігі осыған байланысты қылмыстық кодекске түзету енгізу жобасын дайындап жатыр. Онда азаматтықтан айыру түрінде жаза қолдану қарастырылған.

XS
SM
MD
LG