Accessibility links

Путин: Трамп келгелі бері АҚШ-пен қарым-қатынас нашарлады


Владимир Путин, Ресей президенті. Мәскеу, 12 сәуір 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы сенім деңгейі АҚШ президенті Дональд Трамп қызметіне кіріскеннен бері төмендегенін мәлімдеді. Путиннің бұл туралы телеарнаға берген сұхбаты Кремльдің ресми сайтында 12 сәуірде, АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен күні жарияланды.

Путин ресей-америка қарым-қатынасы Трамп қызметіне кіріскеннен бері жақсарды ма деген сұраққа "Сенім деңгейі қалыпты деңгейде, әсіресе әскери деңгейде деуге болады, ол жақсарған жоқ, керісінше нашарлады" деп жауап берді.

Путин Ресейдің Сирия президенті Башар Асад үкіметі 4 сәуірде бейбіт тұрғындарға қарсы химиялық қару қолданылып жасалған шабуылға жауапты емес деген ұстанымын қайталады. Ол Ресей улы химиялық зат Сирия армиясы көтерілісшілердің химиялық қару жасайтын цехтарын бомбалағанда таралуы мүмкін, немесе шабуылды химиялық қарумен шабуыл жасалғандай етіп көрсетілген болуы мүмкін деп болжайтынын айтты.

АҚШ пен басқа да елдер бұл болжамдарды "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG