Петропавл қаласында сәуірдің 24-інен бастап қоғамдық көліктегі жол жүру ақысы 15 теңгеге қымбаттайды. "СҚО Автокөлік одағы" қауымдастығының төрайымы Галина Семенованың айтуынша, жаңа тариф 80 теңге болады.
- Тасымалдаушылар бағаның өсуін жанармай мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауымен байланыстрады, - дейді Семенова. Тұрғындар бағаның күрт өсуімен келіспейтіндерін білдірді. Тұрғындардың пікірінше, жалақы деңгейі ең аз облыс үшін бұл баға - тым қымбат.
Енді қоғамдық көлікпен жүретін ересектер – 80, ал балалар 40 теңге төлейді. Бұл ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдады.
Павлодарда соңғы рет жолақы 2014 жылы көтерілген болатын. Қазіргі уақытта жолақы құны – 65 теңге.