Accessibility links

АҚШ Ауғанстанда ИМ-ге қарсы ядролық емес ең қуатты бомбасын қолданды


АҚШ-тың аса қуатты GBU-43/B бомбасы.
АҚШ-тың аса қуатты GBU-43/B бомбасы.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, Ауғанстандағы америка әскері Нангархар уәлаятында "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырларына қарсы ядролық емес аса қуатты бомбаны қолданды. GBU-43/B деп аталатын бомба уәлаяттың Пәкістанмен шекарасына жақын туннель кешеніне тасталған. Пентагон бомбаның бірінші рет қолданылғанын, оның салмағы 10 тоннадан асатынын мәлімдеді.

Өткен аптада Нангархар уәлаятында ИМ-мен ұрыста америкалық әскери қаза тапқан. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсердің сөзінше, бомба ИМ содырларына "еркін қимылдап, аймақтағы америкалық әскери кеңесшілерге және ауған әскерилеріне шабуыл жасауға мүмкіндік беретін" туннельдер мен үңгірлер жүйесін қирату үшін тасталған. Ол сонымен қатар бомбалау кезінде бейбіт тұрғындар арасында адам шығынын болдырмау үшін барлық сақтандыру шаралары жасалғанын айтады.

XS
SM
MD
LG