Accessibility links

Қазақстандық теннисші Арсан Арашов екі жылға спорттан шеттетілді


Көрнекі сурет.

Қазақстандық теннисші Арсан Арашов қанынан алынған сынамада тыйым салынған мельдоний препараты табылған соң екі жылға спорттан шеттетілді. Халықаралық теннис федерациясының мәлімдеуінше, 17 жастағы Арашов былтыр Испанияда өткен турнирде допингтік тексеруден өте алмаған.

Теннисшінің жарыстардан шеттетілу мерзімі 2016 жылдың 30 қыркүйегінен есептеледі. Мельдоний препараты бұған дейін әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, ресейлік Мария Шараповадан табылған. Ол да екі жылға жарыстардан шеттетіліп, апелляция арқылы ол мерзімі 15 айға дейін азайтылған. Шарапова спортқа 26 сәуірде Штутгартта өтетін жарыс кезінде оралуы тиіс.

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG