"Қазақмыс" компаниясы Жезқазғандағы ТЭЦ-те электр слесарі болып жұмыс істейтін 1990 жылы туған жұмысшының ток соғып қаза тапқанын хабарлады. Компания ақпаратына қарағанда, қайғылы оқиға 5 сәуір күні болған. Өндірісте ток соққан жұмысшы аурухананың жансақтау бөліміне түсіп, 13 сәуір күні сол жерде қайтыс болған.
"Қазақмыс" қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтады.