Accessibility links

Пхеньян әскери парадта жаңа баллистикалық зымырандарын көрсетті


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (оң жақта). Пхеньян, 13 сәуір 2017 жыл.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (оң жақта). Пхеньян, 13 сәуір 2017 жыл.

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда бүгін мемлекет негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туғанына 105 жыл толу құрметіне өткізілген әскери парад кезінде алғаш рет жаңа құрлықаралық баллистикалық зымырандар үлгілері көрсетілді.

«Трамп әкімшілігі өрістетіп отырған әскери байбалам елеусіз қалдыруға болмайтын қауіпті шегіне жетті» деп мәлімдеген Солтүстік Корея мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Бұл арада Вашингтон Солтүстік Кореяның іс-әрекетіне қатысты «стратегиялық шыдамдылық» таусылғаны жайлы мәлімдеді. «Біз Солтүстік Корея жағалауына қуатты армада» деген АҚШ президенті Дональд Трамп Fox Business Network компаниясына сұхбатында. Ол Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын режимі оқтын-оқтын өткізіп келе жатқан ядролық қару мен зымыран сынақтарын үлкен қателік және БҰҰ-ның халықаралық санкцияларын бұзу деп атаған.

Ким Чен Ынның жақын серігі, Солтүстік Корея сыртқы саясат мекемесінің жетекшісі Пхеньян өзіне қарсы әскери іс-қимылды жауапсыз қалдырмайды және ядролық соққыға тура сондай соққымен жауап береді деп мәлімдеген.

Бұған дейін Қытай билігі Корей түбегінде жанжал «кез келген сәтте лап ете қалуы мүмкін» деп ескерткен.

XS
SM
MD
LG