Accessibility links

Ақмола облысында су басқан үйден әйелдің өлі денесі табылды


Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Ақмола облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының Сандықтау ауданына қарасты Сандықтау ауылында су басқан үйлердің бірінен 1958 жылы туған әйелдің жансыз денесі табылды деп хабарлады ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті.

16 сәуірде Сандықтау ауылында Жабай өзенінде су деңгейі көтеріліп, Заречная көшесінде орналасқан жеті үй мен ауланы су басқан. Олардан 17 адам, оның ішінде 5 бала эвакуацияланып, мектепке орналастырылған.

Әйелдің жансыз денесі Набережная көшесіндегі тұрғындарды эвакуациялау кезінде үйлердің бірінен табылған. Марқұмның өлімінің себептерін анықтау жұмыстары және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр дейді төтенше жағдайлар комитеті.

XS
SM
MD
LG