Accessibility links

Томскілік мұғалім либерализмнің зияны туралы "сабағы" үшін ескерту ғана алды


Тоскідегі №2 гимназияың мұғалімі.
Тоскідегі №2 гимназияың мұғалімі.

Ресейдің Томск қаласында №2 гимназияда тарих пәні мен тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері пәнінің мұғалімі Виталий Хованский жаңа сабақтың орнына "антиэкстремистік дәріс" оқығаны үшін директордан ескерту алды. Хованский дәрісінде 26 наурызда коррупцияға қарсы митингіге шыққан оқушыларды "либерал-фашистер", "сатқындар" және "англосакстарға құлдық ұрушылар" деп, ал либерализмді "дамудың хайуанға тән кезеңінде тұрған, жетілмеген адамның еркіндігі" деп атаған. Бұл сабақтың бейнежазбасы 30 сәуірде Томскінің БАҚ-тарында жарияланған.

"Интерфакс" агенттігінің Томскінің аудандық прокуратурасына сілтеме жасап хабарлауынша, гимназия басшылығы педагогтың жұмысын тексеріп, директордың бұйрығы бойынша оған сабақтағы олқылығы және кәсіби этикасы үшін тәртіптік жаза белгіленген. Прокуратура осыған байланысты мұғалімге қосымша ешқандай жазалау шарасын белгілемеген.

26 наурызда Ресейдің ондаған қаласында коррупцияға қарсы акциялар өткен. Акцияларға ондаған адамнан бастап бірнеше мыңдаған адам қатысқан. Наразылық премьер-министр Дмитрий Медведевтің тіркелмеген жылжымайтын мүлігі туралы зерттеудің жариялануымен байланысты өткен. Зерттеуді оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың Коррупциямен күрес қоры жүргізген.

XS
SM
MD
LG