Accessibility links

Израильдегі палестиналық тұтқындар аштық жариялады


Израильдегі палестиналық тұтқындардың үштен бірі отырған Кетциот түрмесі (Көрнекі сурет).
Израильдегі палестиналық тұтқындардың үштен бірі отырған Кетциот түрмесі (Көрнекі сурет).

Израиль түрмелерінде жазасын өтеп жатқан палестиналық мыңнан астам тұтқын бүгін аштық жариялады. Наразылық акциясы Палестина қозғалысы жетекшілерінің бірі, Израильде өмір бойы түрмеде отыру жазасын өтеп жатқан Марван Баргутидің үндеуінен соң басталған. Палестина автономиясының өкілі Исса Караканың сөзіне қарағанда, аштықты 1300-ге тарта палестина тұтқыны жариялаған және олардың саны артуы мүмкін.

Палестина автономиясы өкілдерінің мәліметінше, Израиль түрмелерінде шамамен жеті мың палестиналық қамауда отыр. Марван Баргути - палестина қозғалысының ең белгілі тұлғаларының бірі. Ол исламшылардың қарулы топтарының бірін басқарып, израильдіктерге қарсы зорлық-зомбылық танытуды қолдаған.

Баргутиді 2004 жылы Израиль соты израильдік азаматты өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырып, кісі өлтіруге оқталғаны үшін 40 жылға соттаған. Палестиналықтардың көпшілігі Баргутиді ұлттық қаһарман деп санайды, Баргути тіпті түрмеде отырса да Палестинаның ең ықпалды жетекшілерінің бірі саналады.

XS
SM
MD
LG