Accessibility links

Тәжікстанда Гулмурод Халимовтың ұлы ұсталды


Тәжік полковнигі Гулмурод Ҳалимов, видеодан алынған кадр.
Тәжік полковнигі Гулмурод Ҳалимов, видеодан алынған кадр.

Тәжікстанда бұрын ішкі істер министрлігінде арнайы полиция жасағының (ОМОН) командирі болған, содырларға қосылған Гулмурод Халимовтың ұлы Бехруза Гулмуродов ұсталды. Туыстарының Азаттықтың Тәжік редакциясына хабарлауынша, 18 жастағы Гулмуродов өткен айдың соңында Варзоб ауданының Дараи Фони ауылында ұсталған.

Туыстарының сөзіне қарағанда, Гулмуродов Мелмекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында отыр. Олар қауіпсіздік органының қызметкерлері Гулмуродовтың не себепті ұсталғанын айтпайтынын және онымен кездестіруг туралы өтінішке жауап беруден бас тартатынын айтады. Гулмуродов өткен жылы орта мектепті бітіріп, ауылда анасымен бірге қалған. Билік оның әкесі Гулмурод Халимовты отанына сатқындық жасады деп айыптайды.

Халимов 2015 жылдың көктемінде жоғалып кетіп, кейін Сириядан шыққан. ОМОН-ның бұрынғы командирі бейнеүндеуінде билік өзінің "діни еркіндігін шектегенін" мәлімдеген. 15 сәуірде британдық Times журналы Халимовты "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының әскери министрі болғанын және оның 15 өткен аптада Мосулға жасаған әуе шабуылынан оққа ұшқан болуы мүмкін екенін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG