18 сәуірде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. Бердімұхамедов сейсенбіде Қазақстандағы екі күндік ресми сапарын бастаған. Назарбаевтың сөзінше, бекітілген құжат екі елдің арасындағы шекара мәселелерін шешуге сеп болмақшы.
Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, Назарбаев Бердімұхамедовпен келіссөзін қарым-қатынасты дамытудың жаңа кезеңі деп бағалап, Қазақстан мен Түркіменстан Орталық Азиядағы шекара дауы жоқ екі елге айналатынын айтқан.
Түркіменстан 2016 жылғы жазда көрші елдің полициясына жасалған қарулы шабуылдардан соң бірнеше рет Қазақстанмен шекарасын "қауіпсіздік шаралары үшін" жауып қойған.
Бердімұхамедов Астанадағы екі күндік сапары аясында Назарбаевпен он шақты келісім бекітпек. Олардың ішінде шекараны демаркациялау, үкіметаралық комиссия құру, құпия мәліметтерді бірлесіп қорғау, ақша жымқырумен және терроршыларды қаржыландырумен күрес туралы құжаттар бар.
Бердімұхамедов 18 сәуірде Қазақстанның ішкі, аймақтық және халықаралық бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Жарыққа миллиардтаған несие жұмсаған қалада көше неге тас қараңғы?