Accessibility links

Египетте Әулие Екатерина монастырының жанында шабуыл жасалды


Синай түбегіндегі Египет қауіпсіздік қызметкерлері (Көрнекі сурет).
Синай түбегіндегі Египет қауіпсіздік қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Египеттің Синай түбегінде Әулие Екатерина монастырының маңында қарулы адамдар қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасады. Шабуылдан бір полиция қызметкері оққа ұшып, төртеуі жараланды. Шабуылдың жауапкершілігін "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алды. Шабуыл христиандардың ең қасиетті саналатын орындарының бірі - монастырь қақпасынан бірнеше жүз метр жерде болды.

Египетке 10 күннен соң Рим Папасы Франциск сапарлап баруы тиіс. Египетте бұдан бір аптадан астам уақыт бұрын копт христиандарының екі шіркеуінде екі теракт болып, 45 адам қаза тапқан. Ол шабуылдардың да жауапкершілігін ИМ мойнына алған.

Синай тауының етегінде орналасқан Әулие Екатерина монастыры алтыншы ғасырда салынған. Бұл монастырь христиан монастырьлерінің ішіндегі ең ежелгілерінің бірі саналады және ол ЮНЕСКО-ның қорғауына алынған. Копт христиандары Египеттің 92 миллион халқының шамамен 10 пайызын құрайды. ИМ содырлары бұған дейін бұл діни азшылық өкілдеріне қарсы жаңа шабуылдар жасайтыны туралы доқ көрсеткен.

Египет Синай түбегіндегі исламшыл содырлармен күресіп келеді. 2013 жылдан бері мұнда содырлар шабуылдарынан жүздеген полицей мен әскери қызметкер құрбан болған.

XS
SM
MD
LG