Accessibility links

АҚШ: Иран ядролық келісімнің шарттарын орындап отыр


Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы.

АҚШ мемлекеттік департаменті конгресті Иранның 2015 жылы әлемдік державалармен жасасқан ядролық бағдарламасын шектеу туралы келісімін орындап отырғанынан мағлұм етіп, келісім бойынша Иранға қарсы салынған санкциялар бұдан ары жеңілдетілгенін хабарлады.

Иранның келісім шарттарын орындап отырғаны туралы есеп хат конгреске әр 90 күн сайын тапсырылып отыруы тиіс. Дональд Трамп президент болғалы бері мұндай есеп хат бірінші рет тапсырылып отыр.

Өкілдер палатасының спикері Пол Райанға жолдаған хатында мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон президент әкімшілігі санкцияларды бұдан ары жұмсартудың АҚШ мүддесіне қаншалықты сай келетінін бағалау мақсатында келісімді толықтай бір қарап шыққанын айтты.

2015 жылғы келісім бойынша Иран ядролық бағдарламасын кәдімгідей шектеп, есесіне АҚШ, БҰҰ және Еуропа елдерінің бұған дейін Иранға салған санкциялары жойылатын болған.

Тиллерсон хатында Иранның әлі де терроризмді қолдайтын басты мемлекет болып отырғанын және президент Дональд Трамптың келісімді осы мәселені ескеріп қайта қарауды тапсырғанын айтты.

XS
SM
MD
LG