Accessibility links

Назарбаев ішкі істер министрлігіне тасқынға байланысты тапсырма берді


Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп беріп отыр. Астана, 19 сәуір 2017 жыл.
Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов президент Нұрсұлтан Назарбаевқа есеп беріп отыр. Астана, 19 сәуір 2017 жыл.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа елдегі су тасқынына қатысты ахуал және "төтенше жағдайға жол бермеу шаралары" жайлы есеп берді деп хабарлады бүгін ресми БАҚ.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, бұл кездесуде министр Назарбаевқа сонымен қатар елдегі қылмыстық ахуал мен түрмелердегі жағдай, Ұлттық гвардияның қызметі туралы баяндаған.

Қазақстанның жеті облысында өткен аптадан бері жүздеген үйді су басып, мыңдаған адам эвакуацияланды. Ресми мәлімет бойынша, республикада өзендерде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасу қаупі әлі де сейілген жоқ және тұрғындарды эвакуациялау әлі жалғасып жатыр.

Назарбаев кездесуде Қасымовқа облыстарда тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың өмір салтын қалпына келтіруді тапсырып, елдегі қылмыспен күрес және тәртіпті сақтау шараларын күшейту қажетін айтқан.

XS
SM
MD
LG