Accessibility links

Міндетінен тыс жұмыста қаза тапқан мұғалім отбасына жәрдемақы тағайындалды


Шымкенттегі Халел Досмұхамбетов атындағы №4 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марқұм Сейітжан Ізбасаровтың жесірі Әмина Тұрғанбаева балаларымен бірге. Шымкент, 22 наурыз 2017 жыл.
Шымкенттегі Халел Досмұхамбетов атындағы №4 жалпы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі марқұм Сейітжан Ізбасаровтың жесірі Әмина Тұрғанбаева балаларымен бірге. Шымкент, 22 наурыз 2017 жыл.

Шымкенттегі Халел Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектебінің мұғалімі, міндетінен тыс жұмыста қаза тапқан Сейітжан Ізбасаровтың отбасына жыл соңына дейін арнайы жәрдемақы тағайындалды.

Марқұмның жесірі Әмина Тұрғанбаеваның Азаттыққа айтуынша, ол еңбек инспекциясының кеңесімен қажетті құжаттарды дайындап, қалалық білім бөліміне тапсырған.

- Осы құжаттар негізінде балаларыма арнайы жәрдемақы берілуі керек. Әзірге мөлшерін білмеймін, - дейді ол.

Қалалық білім бөлімінің Азаттыққа хабарлауынша, қайтыс болған мұғалім Сейітжан Ізбасаровтың отбасына заңға сай жыл соңына дейін арнайы жәрдемақы тағайындалған. "Ай сайын марқұмның отбасы білім бөлімінен 79 мың теңге көлемінде жәрдемақы алатын болады" дейді білім бөлімінің өкілі.

Бұған дейін Әмина Тұрғанбаева Сейітжан Ізбасаров жұмыс істеген мектепке жұмысқа қабылданғаны хабарланған.

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған Сейітжан Ізбасаров ақпанның 26-сы, жексенбі күні міндеттерінен тыс жұмысқа салынып, мерт болған. Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы (еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG