Accessibility links

ФСБ: Санкт-Петербургтегі терактіге тапсырыс беруші анықталды


Александр Бортников, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы.
Александр Бортников, Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің басшысы.

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) басшысы Александр Бортников Санкт-Петербург метросында 3 сәуірде жарылыс жасауға "тапсырыс берген" адамның анықталғанын мәлімдеді. Ресей ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Бортников күдіктінің аты-жөнін атамаған.

Билік 15 адам қаза тауып, 50 шақты адам жараланған жарылысты Қырғызстанда туған, Ресей азаматтығын алған 22 жастағы Акбаржон Джалилов жасады дейді.

Жарылыс жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Билік бұған дейін бұл жарылысқа қатысы бар деген күдікпен Орталық Азия елдерінен шыққан 10 адамның ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандар арасында тергеушілер "жарылысты ұйымдастырды" деген күдікті Аброр Азимов пен оның ағасы Акрам да бар.

XS
SM
MD
LG