Accessibility links

Алматыда жұмыс орындары жәрмеңкесі енді мешіттерде өткізіле бастамақ


Алматыдағы Орталық мешіт жанында өтіп жатқан бос жұмыс орындары жәрмеңкесі. 21 сәуір 2017 жыл.

Алматының Орталық мешітінде қаладағы бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Жәрмеңкені қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жұмыспен қамту орталығы, "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалының және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастырған.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамту орталығы бастығының орынбасары Керімқұл Жекетаевтың Азаттыққа айтуынша, жәрмеңке жұмада мешітке келушілер қарасы көп болатындықтан әдейі осы күні ұйымдастырылған. Оның сөзінше, жәрмеңкеде көбінесе фирмалар мен компаниялардан, жеке ұйымдардан 1200-ге тарта бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Ресми мәліметке сай, қалада 48 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген.

Жекетаев бұған дейінгі жәрмеңкелерде 260 адам жұмысқа орналасқанын, жәрмеңкенің енді әр жұма сайын қаладағы аудандардың ірі мешіттерінде өткізілетінін айтты.

Жәрмеңкеде негізінен қызмет көрсету салаларындағы тазалықшы, вахтерші, күзетші сияқты жұмыстар ұсынылған. Бос жұмыс орындары арасында экономист, бухгалтер, IT саласына қатысты кәсіби білімді талап ететін жұмыстар да бар.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG