Accessibility links

Лукашенко: ЕАЭО елдері арасында тең құқылы қарым-қатынас орнату қиын


Беларусь президенті Александр Лукашенко парламентте. Минск, 21 сәуір 2017 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко парламентте. Минск, 21 сәуір 2017 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко жыл сайынғы жолдауында Ресейді Еуразия экономикалық одағында (ЕАЭО) үстемдікке ие болуға ұмтылады деп айыптады.

21 сәуірде парламентте сөйлеген Лукашенко ЕАЭО елдері арасында "тең құқылы, өзара сыйласымды қарым-қатынас" орнатудың қиын екенін мәлімдеді. "Біз үнемі қарым-қатынасты айқындап жүреміз" деген Лукашенко одақ мүшелері бір-бірін демпинг әдісін қолданады деп сөгетінін және "ортақ несие қорын бөлісе алмайтынын" айтты.

"Барлығымыз бір нәрсені түсінінуіміз керек: ЕАЭО нарығы - қандай да бір елдің немесе соған ерген одақтастың нарығы емес. Бұл - біздің ортақ, толыққанды нарығымыз, біз оны дамыту арқылы кез-келген санкцияны еңсеріп, экономикалық бәсекеде жеңіп шығамыз" деді Лукашенко.

Бақылаушылар Ресей президенті Владимир Путин құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан кіретін ЕАЭО-ны Мәскеудің бұрынғы Совет одағы территориясындағы ықпалын күшейтіп, Еуропа Одағына қарсы тұру үшін пайдаланады дейді.

Лукашенко сонымен қатар Беларусьтің Ресеймен "стратегиялық" қарым-қатынаста екенін және Путин екеуінің "сенімді қарым-қатынас орнатқанын" да айтты.

XS
SM
MD
LG