Accessibility links

Ауғанстанда содырлар шабуылынан ондаған сарбаз қаза тапқан


"Талибан" шабуыл жасаған әскери база маңында тұрған үкімет сарбаздары. Мазари-Шариф, Ауғанстан, 21 сәуір 2017 жыл.

Ауғанстанның солтүстігіндегі әскери базаға «Талибан» содырларының шабуылы салдарынан үкімет армиясының кемінде 50 сарбазы мерт болып, 70-тен астамы жараланған.

Ауғанстандағы АҚШ әскери басшылығы өкілінің хабарлауынша, содырлар базаға қайтара шабуылдамақ болған. Ауғанстандық әскерилердің мәліметі бойынша, үкімет күштері шабуылды тойтарған.

Бұған дейін, сәуірдің 21-і күні, жұма намазынан соң іле-шала «Талибан» содырлары Мазари-Шариф қаласында әскери база территориясындағы мешіт пен асханаға шабуылдаған. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, әскери киімдегі оншақты адам әскери база аумағына «ауруханаға жаралы сарбаздарды апарамыз» деп алдап кірген.

Шабуылға жауапкершілікті өзіне алған «Талибан» үкіметтің «100-ден астам сарбазын өлтірдік» деп мәлімдеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG