Accessibility links

АҚШ әскерилері: Сирияда Абу Бакр әл-Бағдадидің серігі қаза тапты


«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы басшысы Абу Бакр әл-Бағдади.

АҚШ әскерилері Сирияда «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобы басшысы Абу Бакр әл-Бағдадидің жақын серіктерінің бірінің көзі жойылғаны туралы хабарлады.

Америкалық қарулы күштер орталық басшылығының мәліметі бойынша, ИМ тобының Абдурахман Өзбеки есімді мүшесі (ол Өзбекстаннан шыққан деген болжам бар) Сирияның шығысындағы әл-Маядин қаласы маңында сәуірдің 6-і күні жүргізілген арнайы жасырын операция нәтижесінде қаза тапқан.

АҚШ әскерилері бұл адамның Түркияның Стамбул қаласында 2017 жылғы қаңтардың 1-і күні жасалған терактіге қатысы барын айғақтайтын деректер бар дейді. Стамбулдағы теракт салдарынан 39 адам мерт болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG