Accessibility links

Алматыдан 158 шақырымда жер сілкінді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін, сәуірдің 22-і күні Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 158 километр қашықтықта 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.

Алматы уақыты бойынша сағат 8:21 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 10 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.0.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

XS
SM
MD
LG