Accessibility links

Астана түбіндегі Ильинка ауылына еріген қар суы келді


Ақмола облысының картасы.
Ақмола облысының картасы.

Астана қаласынан он шақырым жерде орналасқан Ильинка елді мекеніне еріген қар суы келді деп хабарлайды Тengrinews сайты. Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, су аталған елді мекендегі Исатай батыр көшесіне жеткен, бір үйдің ауласын су алған.

«Оқиға орнында облыстық әкімдік күштері мен техникасы жұмыс істеп жатыр» деп хабарлаған Иманқұлов.

Ильинка елді мекеніне жақын маңда Астаналық су қоймасы орналасқан.

Қазақстанда биыл көктемде бірнеше облыста ондаған елді мекенді су басты. Ақтөбе облысында Елек өзенінің тасуынан өзен бойында орналасқан бірнеше елді мекенді су басып, бірнеше үй қирады. Солтүстік Қазақстан облысында бүгін су тасу қаупінен Есіл ауданының Николаевка ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Қарағанды облысында бірнеше елді мекенде ондаған үйді су басты.

XS
SM
MD
LG