Accessibility links

Обама президенттіктен кеткелі бері алғаш рет көпшілік алдында сөйлейді


Барак Обама, 20 қаңтар 2017 жыл.
Барак Обама, 20 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама дүйсенбі күні Чикаго қаласында көпшілік алдында сөз сөйлемекші. Ол биыл қаңтарда президенттік қызмет өкілеті аяқталған соң Ақ үйден кеткелі бері бұқараның алдында алғаш рет Чикаго университеті студенттерімен кездесуде сөз сөйлегелі отыр. Обама осы университетте конституциялық құқықтан дәріс берген.

Бұған дейін Барак Обама саясаттан қол үзбейтіні туралы мәлімдеген. Ол президенттік қызмет өкілеті аяқталғаннан кейін бірнеше ай бойы демалуды ұйғарған. Осы уақытының көп бөлігін Британдық Виргин аралдарындағы бизнесмен және филантроп Ричард Брэнсонның қожалығында өткізді деп жазады ағылшынның Telegraph басылымы.

XS
SM
MD
LG