Accessibility links

Донбаста ЕҚЫҰ көлігі минаға түсіп, бір адам қаза болған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) арнайы мониторинг миссиясының патрулі Донбаста минаға түсіп, жарылыс салдарынан бір қызметкер қаза тауып, тағы бірі жараланған. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, Австрия сыртқы істер министрі Себастьян Курц хабарлаған.

Twitter әлеуметтік желісінде жариялаған жазбада Курц Украинадан қайғылы хабар жетті: арнайы мониторинг миссиясы патрулінің көлігі минаға ұрынып, ЕҚЫҰ патрулі қызметкері мерт болды, біреуі жараланды деп хабарлады.

Қаза болған қызметкердің АҚШ азаматы, дәрігер екені хабарланды. «Германия азаматтары жараланған» деген «Интерфакс» агенттігіне өзін өзі жариялаған «Луганск халық республикасы» құрылымындағы адам.

XS
SM
MD
LG