Accessibility links

Хабаровскіде ФСБ кеңсесіне шабуылдан Өзбекстан азаматы қаза тапқан


Хабаровскідегі ФСБ басқармасы алдында шабуыл жасалғаннан кейін тұрған полиция көліктері. Ресей, 21 сәуір 2017 жыл.
Хабаровскідегі ФСБ басқармасы алдында шабуыл жасалғаннан кейін тұрған полиция көліктері. Ресей, 21 сәуір 2017 жыл.

Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хабаровск қаласында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) жергілікті басқармасына шабуылдан қаза тапқан шетелдік - Өзбекстан азаматы ждеп хабарлады Қырғызстанның Хабаровскідегі консулдығының өкіліне Кадырбек Мырзабаевқа сілтеме жасаған ресейлік БАҚ. Марқұмның мәйітін еліне жөнелткен.

21 сәуірде ФСБ басқармасының қабылдауына қарулы белгісіз адам басып кіріп, оқ атқан. Шабуылдан ФСБ қызметкері мен қабылдауға келген бір шетел азаматы оққа ұшқан.

"Қаза тапқан адам Өзбекстан азаматы, оның денесі бүгін отанына жіберілді. Ол үйленбеген, Хабаровскіде отбасы жоқ" деді Мырзабаев. Ол бұған дейін шабуылдан жараланып, ауруханада жатқан Қырғызстан азаматына барған. Өзбекстандық ФСБ қабылдауына құжатына қатысты шаруасымен барған.

ФСБ-ның хабарлауынша, шабуылдаушы - 18 жастағы жергілікті тұрғынның көзі жойылған. Тергеушілердің ұйғарымы бойынша, оның неонацистік топқа қатысы бар болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG