Accessibility links

Шымкентте электр қуатының қарызын төлеуде кезек туындады


"Энергопоток" компнаиясы алдындағы электр қуаты үшін қарыз төлеуде кезекке тұрған адамдар. Шымкент, 24 сәуір 2017 жыл.
"Энергопоток" компнаиясы алдындағы электр қуаты үшін қарыз төлеуде кезекке тұрған адамдар. Шымкент, 24 сәуір 2017 жыл.

Шымкентте қалаға электр қуатын жеткізумен айналысатын "Энергопоток" компаниясы компания базасында ақау шығуына байланысты электр қуатына қарыз тұрғындарды әзірге электр қуатынан ажыратпайтын болды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Бүгін компанияның орталық кеңсесі алдында электр қуатының ақшасын төлеу үшін жүздеген адам кезекке тұрды. Тұрғындар бұған дейін әдетте электр қуатының ақшасын компанияның қаладағы өзге бірнеше ауданындағы бөлімшелерінде төлейтін. Бірақ өткен аптада компания базасында ақау шығып, орталық кеңседен басқа бөлімшелердегі кассалар жұмыс істемей қалған.

- Тұтынған электр қуатының ақшасын төлеу мерзімі жетті. Қарызды төлеуді бір күнге кешіктірсек электр қуатын ажыратып тастайды. Сосын оны қайта қостыру үшін айыппұл төлеуіміз керек болады, - дейді кезекте тұрған тұрғындар.

Компанияның қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің бастығыы Мақсат Жақсыбайұлының айтуынша, өткен аптада компанияның базасын жаңартқанда ақау шығып, база істемей қалған. Бірақ бүгін түстен кейін қаладағы өзге 17 бөлімшеде кассалар қайтадан жұмыс істей бастаған. Ол төлем жасауға қатысты жағдай реттелгенше кассалар түскі үзіліссіз және демалыссыз жұмыс істейтінін және компания тұрғындар қарызын төлеп болғанға дейін электр қуатынан ажыратпау туралы шешім қабылдағанын айтады.

Компания кеңсесінің алдында кезекте тұрғандармен қатар жедел жәрдем көлігі мен полиция қызметкерлерінің қарасы да байқалады.

XS
SM
MD
LG