Accessibility links

Ресей оппозициясы Болотный алаңында акция өткізуге өтініш берді


Мәскеудің Болотный алаңындағы оппозиция шеруі. 6 мамыр 2013 жыл.
Мәскеудің Болотный алаңындағы оппозиция шеруі. 6 мамыр 2013 жыл.

Ресей оппозициясы 6 мамырда Мәскеудің Болотный алаңында митинг пен шеру өткізуге рұқсат сұрап өтініш берді деп хабарлады митингіні ұйымдастырушылардың бірі Александр Рыклинге сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі.

Рыклин өтініште митинг өтетін орын ретінде Октябрьский көшесінен Болотный алаңына дейінгі маршрут көрсетілгенін айтты. Акцияға 10 мыңға тарта адам қатысады деп жоспарланған. Өтініш бергендер арасында құқық қорғаушы Лев Пономарев, экс-депутат Геннадий Гудков және саясаткер Леонид Гозман бар.

Ресей оппозициясы жыл сайын 2012 жылы Болотный алаңында "Миллиондар маршы" болған 6 мамыр күні акция өткізуге өтініш береді. Ол кезде рұқсат берілген акция биліктің тұжырымы бойынша "тәртіпсіздіктерге" ұласқан. Мәскеу мэриясы осыдан соң жылда басқа алаңды ұсынып, өтінішті мақұлдаудан бас тартады.

Демонстранттар полициямен қақтығысқаннан кейін қозғалған "Болотный ісі" бойынша 30 адам сотталған.

XS
SM
MD
LG