Accessibility links

Ресейлік жеңіл атлет Альбина Майорова жарыстардан шеттетілді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясының мәлімдеуінше, алыс қашықтыққа жүгіретін атлет Альбина Майорова допинг қолданғаны үшін төрт жылға жарыстардан шеттетілді. Атлетті жарыстардан шеттету туралы шешімді Спорттық арбитраж соты спортшыдан өткен жылы алынған сынамада тестостеронның деңгейі тым жоғары екені анықталған соң қабылдаған. Бұл тыйым 39 жастағы Майорованың спорттағы кәсіби мансабын аяқтайды деген болжам бар.

Майорова 2012 жылы Нагоя қаласында өткен марафонда жеңіске жетіп, жеке рекордын орнатқан. 2013 жылы ол Йокохамадағы жарыста да бас жүлде алған. 2012 жылғы Лондон олимпиадасында сегізінші орын алған. Ол сонымен қатар Бостон, Лондон және Чикагодағы марафондарда үздік ондықтарға іліккен.

XS
SM
MD
LG