Accessibility links

"Россия сегодня" Reuters-пен ынтымақтастығын үзеді


"Россия сегодня" мемлекеттік медиатобының бас кеңсесі, Мәскеу.

Ресейдің мемлекеттік "Россия сегодня" медиатобы халықаралық Reuters агенттігі Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға киліккен туралы материал жариялаған соң бұл агенттікпен бейнематериалдар сатып алу туралы келісімшарт жасаспайтын болды.

Тараптар бейнематериалдар сатып алу туралы келісімді бұған дейін жасасқан және ол 1 мамырдан бастап күшіне енуі тиіс болатын. Reuters бірақ енді бұл келісімнің күшіне енбейтінін хабарлады.

21 сәуірде Reuters мақала жариялап, онда Ресейдің стратегиялық зерттеулер институты АҚШ-тағы сайлауға килігу жоспарын дайындады деген ұйғарым жасаған. Reuters-тің дереккөздерінің ақпараты бойынша, сайлауға килігу жөнінде екі құжат жасалған. Олардың бірі Кремльге тиімді кандидаттың жағымды бейнесін қалыптастыруды, екіншісі сайлауда заң бұзылғаны туралы ақпарат таратуды көздеген.

Қажетті кандидаттың беделін көтеруге "Россия сегодня" медиатобына бағынышты Russia Today телеарнасы мен Sputnik агенттігі жұмыс істеуі тиіс болған дейді Reuters.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG