Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыханов АҚШ президенті Дональд Трампқа сенім грамотасын тапсырды. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің (СІМ) хабарлауынша, грамота тапсыру салтанаты 24 сәуірде Ақ үйде болған.
СІМ Қазыхановтың Трампқа Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сәлемі мен құттықтауын жеткізгенін айтады.
Кездесуде Қазыханов АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік "барлық негізгі бағыттар бойынша, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестиция, құқықтық және мәдени-гуманитарлық салаларда нығайып жатқанын" айтқан.