Accessibility links

ЕО роумингсіз байланысты жақтап дауыс берді


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

25 сәуірде Еуропа Одағының министрлері одақ елдерінің ішінде роумингті тегін қылу туралы шешімді жақтап түпкілікті дауыс берді. Еуропа кеңесінің шешімі бойынша, барлық мүше мемлекеттер 15 маусымнан бастап кең арналы мәлімет жеткізу қызметтері үшін жоғары сапалы әуе толқындарына көшіп, 5G технологиясын қолданбақшы. Бұл мәселеге қатысты ең көп пікірталас турдырған мобильді интернеттегі мәлімет жеткізу құны да анықталып, 2017 жылғы маусымнан бастап бір гигабайт үшін 7.7 еуро болып бекітілді. Бұл баға 2022 жылы бір гигабайт үшін 2.5 еуро болып арзандайды.

ЕО-ның роумингсіз біртұтас жүйесіндегі тұтынушылар қалта телефоны арқылы сөйлескенде 1 минут үшін 3.2 еуроцент төлейді. Ал бір жолғы стандарт SMS мәтін жіберу құны алдағы маусымнан бастап 1 еуроцент болып бекітілді.

Еурокомиссия мобильдік байланыс нарығындағы тарифтерді екі жыл сайын қайта қарап, тұтас тексеріп тұрмақшы. Роумингсіз байланыс кеңістігін құруды ЕО елдері он шақты жыл бойы талқылап, келісе алмай келген. Бұл мәселе Ұлыбритания одақтан шыққан соң Брюссель үшін тіпті маңызды бола түскен. Өйткені роумингсіз ыңғайлы мобильдік байланыс қызметін қарапайым азаматтар ЕО-ға мүше болудың бір пайдалы артықшылығы деп біледі.

XS
SM
MD
LG