Accessibility links

Семейде 1975 жылы туған А. есімді тұрғын көлігінде өзін-өзі өртеп өлді деп хабарлады Азаттыққа Семей қалалық ішкі істер басқармасынан.

Басқарманың мемлекеттік тіл және ақпараттық бөлімінің жетекшісі Елубек Оспановтың айтуына қарағанда, қайғылы оқиға 24 сәуір күні түс кезінде болған. Марқұм Семей қаласының шет жағындағы үйінің жанында өз көлігінің ішінде өзін-өзі өртеп, сол жерде жан тапсырған.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-тармағы ("Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу") бойынша соталды тергеу басталып, полиция қайғылы оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG