Accessibility links

Украина Ислам Каримовтің туысын үйқамаққа шығарды


Акбарали Абдуллаев Киев сотында тұр. 22 ақпан 2017 жыл
Акбарали Абдуллаев Киев сотында тұр. 22 ақпан 2017 жыл

Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Каримовтің туысы Киев түрмесінен үйқамаққа ауыстырылды. Акбарали Абдуллаев есімді азамат қаңтар айында қамауға алынған.

24 сәуірде Киевтің қалалық прокуратурасы Өзбекстан "миллиондаған доллар қаржылық алаяқтық жасады" деген айыппен іздеу жариялаған Абдуллаевтың 21 сәуірде тергеу абақтысынан үй қамаққа шығарылғанын хабарлады.

33 жастағы Абдуллаев - Каримовтің жесірі Татьяна Каримованың жиені. Оған Ташкентте 2014 жылы "үлкен көлемде ақша жымқырды" деген айып тағылған. Биылғы қаңтарда күдікті Киевтегі "Жуляны" әуежайына келіп түскен жерінде тұтқындалған. Оның Өзбекстаннан қашан, қайтіп шетке кеткені белгісіз. Украина Абдуллаевты экстрадициялау мәселесін қарап жатыр.

Өзбекстанды совет кезеңінен бері басқарып келген Ислам Каримовтің дүние салғаны ресми түрде 2016 жылғы қыркүйекте хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG