Accessibility links

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. Зымыран Калифорниядағы Ванденберг базасынан ұшырылды. Бұған дейін әскери басшылық АҚШ бұл сынақ арқылы өзінің ядролық әлеуетін көрсеткісі келетінін мәлімдеген.

Ядролық заряд алып ұша алатын зымыран Солтүстік Кореяның зымыран және ядролық бағдарламасына қатысты жағдай шиеленіскен тұста сыналып отыр. Пхеньян сәуірде жаңа ядролық сынақ жасауға дайындықты күшейткен. АҚШ бұған жауап ретінде Корей түбегіндегі акваторияға әскери кемелерін жіберді. Вашингтон зымыран сынағының Солтүстік Кореядағы оқиғалармен байланысы барын жоққа шығарады.

АҚШ осы жылдың соңына дейін Оңтүстік Кореяға зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатады.

XS
SM
MD
LG