Accessibility links

АҚШ, Канада мен Мексика еркін сауда туралы келісімді қайта қарайды


Дональд Трамп, АҚШ президенті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті.

АҚШ, Мексика президенттері мен Канада премьер-министрі Еркін сауда туралы Солтүстік Америка келісімін қайта қарауға шешім қабылдады. Келісім Солтүстік Америка құрлығында еркін сауда аймағын құруға жағдай жасаған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың 26 сәуірде жарияланған мәлімдемесінде келіссөз келісімді қазіргі заман талаптарына сай өзгерту мақсатында өткізілетіні айтылған. Ақ үйдің мәліметінше, Трамп еркін сауда туралы келісімнің күшін жоймауға көнген. Ал Мексика мен Канада басшылары келісімді "үш елге де тиімді болатындай етіп" қайта қарауға келіскен.

Ақ үйдің мәлімдемесінен бірнеше сағат бұрын Трамп әкімшілігі АҚШ-тың аталған келісім талаптарын орындаудан бас тартатыны жайлы президент жарлығының жобасын дайындағаны туралы ақпарат пайда болған.

Трамп сайлауалды кампаниясында бұл келісімді қатаң сынап, президент болып сайланған соң құжат АҚШ-та жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соқтырғанын мәлімдеген. Президент соңғы күндері Канададан ағаш экспорттауға салық салып, Канада билігін АҚШ-та өндірілетін сүттің Канадаға экспортталуына кедергі келтіріп отыр деп айыптаған.

Трамп әкімшілігінің келісімді қалай өзгертпек ниеті бары әзірге белгісіз.

Еркін сауда туралы Солтүстік Америка келісімі 1994 жылы 1 қаңтарда күшіне енген.

XS
SM
MD
LG