Accessibility links

Бақылаушылар: Дамаскіде күшті жарылыс болды


Дамаскідегі соғыстан қираған үйдің жанында кетіп бара жатқан тұрығндар, сирия (Көрнекі сурет).
Дамаскідегі соғыстан қираған үйдің жанында кетіп бара жатқан тұрығндар, сирия (Көрнекі сурет).

27 сәуірде таңертең Дамаскіде күшті жарылыс болып, артынша әуежайда өрт шықты деп хабарлады Сирия оппозициясынң өкілдері мен бақылаушылар. Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) бақылау ұйымының басшысы Рами Абдулрахманның хабарлауынша, жарылыс даусы бүкіл қалаға естілген. Ол жарылыс Дамаск әуежайына баратын жолда болғанын айтады.

Ливанның Сирия үкіметімен одақтасы "Хезболла" ұйымымен байланысы бар al-Manar телеарнасы жарылыс Израильдің әуе шабуылының салдарынан шыққан болуы мүмкін деп хабарлады.

Израиль қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы "Израиль әуе шабуылын жасады ма" деген сауалға "Біз мұндай оқиғаға комментарий бере алмаймыз" деп жауап берген.

al-Manar алдын ала мәлімет бойынша жарылыстан адам шығыны болмағанын, материалдық залал ғана келгенін хабарлады.

Көтерілісшіл топтар арасындағы екі дереккөзі Дамаскінің шығысындағы өз бұлақтарына сілтеме жасап, Иран қолдайтын көтерілісшілер пайдаланатын оқ-дәрілер қоймасына бес бомба түскенін хабарлады.

Сирияда президент Башар Асад күштері мен оппозициялық көтерілісшілер арасындағы алты жылға созылған азамат соғысынан 400 мыңнан астам адам қаза тапты. Асадты Ресей, Иран мен аймақтағы шиит топтары, оның ішінде "Хезболла" қолдайды.

XS
SM
MD
LG