Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Астана қаласынан гуманитарлық көмек жетті. 2,5 тонналық жүк Петропавл қаласындағы көлігі эвакуациялық пункт орналасқан №12 мектепке жеткізілген.
Сәуірдің 17-сінде зардап шеккендерге көмек жинайтын "ТАСҚЫН КӨМЕК" деп аталатын науқан басталған. Көмек жинау өңірлік дамыту орталығының бас кеңсесінде ашылған. Оған мемлекеттік кәсіпорындар, жекеменшік және мемлекеттік компаниялар қатысты. Осы уақытқа дейін 6 тонна жүк жиналды. Гуманитарлық көмек Ақмола мен Қарағанды облыстарына да жіберілді.
Комиссия есебін шығарған соң гуманитарлық көмек су тасқынынан зардап шеккен бірнеше ауылға жіберіледі.