Accessibility links

АҚШ: Қытай Солтүстік Кореяға санкция салатынын ескертті


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

Қытай Пхеньян егер ядролық сынағын ары қарай да жалғастыра берсе Солтүстік Кореяға санкция салатыны туралы сес көрсетті деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон.

"Қытайдың Пхеньяндағы режиммен байланыста екенін білеміз. Олар бізге режимнен бұдан ары ядролық сынақ жасамауды талап еткенін растады" деді Тиллерсон Fox News телеарнасына.

Тиллерсон Қытай сонымен қатар АҚШ-қа Солтүстік Кореяны "егер ядролық сынағын бұдан ары жалғастыра берсе Қытай өз бетімен санкция салатынынан" хабардар еткені туралы айтты.

АҚШ президенті Дональд Трамп 27 сәуірде Reuters-ке беген сұхбатында Пхеньянның ядролық және зымыран бағдарламасына қатысты кикілжіңді дипломатиялық жолмен шешуді дұрыс көретініне қарамастан "Солтүстік Кореямен үлкен жанжал болуы мүмкін" екенін айтқан. "Біз мәселені дипломатиялық жолмен шешкіміз келеді, бірақ ол өте қиын" деген Трамп.

Қытай сыртқы істер министрі Ван И БҰҰ-да Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа Корей түбегіндегі жағдай бақылаудан шығып барады деп қауіптенетін айтқан.

XS
SM
MD
LG